19:33, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Андығожа батыр атындағы ауылында әлеуметтік мәселелер шешімін тауып отыр
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Еңбекшілдер ауданындағы Андығожа батыр атындағы ауылда тұрғындардың әлеуметтік мәселелері толықтай шешімін тауып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елбасының Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында ауылдың әлеуметтік түйткіліне ерекше ден қойылып отыр. Мұның өзі айналып келгенде елдің экономикасының тұрақты дамуымен тығыз байланысты. Ауылдық әкімдік тарапынан тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуі басты назарда», - дейді Донской ауылдық округының төрағасы Алмаз Тастанбеков. Бүгінде округте бір жарым мыңдай адам тұрып жатса, олардың дені егіншілік, мал шаруашылығы, шағын кәсіпкерлікпен қамтылған. Ағымдағы жылы Невский ауылында ауыз су мәселесіне 44 миллион теңге, Андығожа батыр атындағы ауылда 65 миллион теңге қаржы жұмсалмақ.
Ауылда тұрғын үй мәселесі түпкілікті шешімін тапқан. Аудан орталығымен тұрақты автобус қатынасы қамтамасыз етіліп отыр. «Ауылдастарымыз Елбасының жаңа Жолдауынан ауыл шаруашылығына, ауыл тұрғындарына шынайы қамқорлықты сезініп отыр. Әлемдік дағдарысқа қарсы нақтылы шаралар қолданылуын шын ықыласпен қолдаймыз», - дейді Алмаз Тастанбеков.