22:12, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Анджелина Джоли кино әлемінен кетпекші
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі киножұлдыз ендігі жұмысын БҰҰ гуманитарлық бағытына арнамақшы, деп жазады шетелдік БАҚ.
Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли кино мансабының аяқталатынын айтты. Оның атақты рөлдерінің соңғысы, оның айтуынша, мысыр ханшайымы Клеопатраның рөлі болады. Енді ол БҰҰ гуманитарлық бағытында еңбек етуге ниетті.
Джоли ВВС радиосында сөз сөйлеп, өзі басты рөлді сомдаған жаңа «Малефисента» фильмін қолдау мақсатында жасалған турне барысында Клеопатра туралы фильмге түсуі мүмкін екенін айтқан.
Бұдан бұрын БҰҰ босқындар істері бойынша жоғары комиссиардың арнайы елшісі ретінде гуманитарлық бағытта жұмыс істейтінін мәлімдеген Джоли Клеопатра фильмі оның ерекше рөлі болатынын жасырған жоқ.
Еске сала кетейік, таяу күндері Джоли саясат мансабына ауысатынын айтқан болатын.