20:07, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Анджелина Джоли онжылдық сұлулары тізімінің басында тұр
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Британдықтар актриса Анджелина Джолиді онжылдықтағы ең сұлу әйел деп таңдады. Мұндай нәтижені 3 мың адаммен жүргізілген сауалдама қорытындысы берген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат The Daily Telegraph сайтына сілтеме жасап.
Екінші орынды - актриса Дженифер Анистон, үшінші орынды - әнші Кайли Миноуг, ал төртінші орынды Кэтрин Зета Джонс иеленген. Бесінші орынға поп-әнші және тележүргізуші Шерил Коул табан тіреді.