Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова тректегі велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан тректегі велоспорттан Тагайтайда (Филиппин) өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды.

Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова тректегі велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды
Фото: ҰОК

Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Отандастарымыз жасөспірімдер арасында өткен мэдисон жарысында топ жарды. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Тайбэй иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлқанова жасөспірімдер арасындағы командалық із кесу жарысында алтын медаль жеңіп алған еді.

Бұдан бұрын «Астана» велокомандасының мүшесі Бельгияда өткен жарыста үздік үштікке енгенін хабарлағанбыз.