Ангелина Лукас Таиландта индонезиялық боксшы Харма Йестиді жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Бангкокте (Таиланд) индонезиялық боксшы Харма Йестимен жекпе-жек өткізді. Сегіз раундтық айқаста отандасымыз қарсыласынан басым түсті. 

Ангелина Лукас
Фото: Instagram

Осылайша, Ангелина кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал, Харма Йести төртінші рет жеңілді. 

Алдыңғы жекпе-жегінде Лукас WIBF және WBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Ол бесінші раундта Индиана Мамта Сингхті (5-2, 2 КО) нокаутқа жіберген болатын. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Римма Волосенко қарсыласына есе жіберіп, жолдамадан қағылды. Сондай-ақ лицензиялық турнирде боксшы Наталья Богданова да жеңіліп қалды. 

Соңғы жаңалықтар