Англия құрамасы — 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері
АСТАНА. KAZINFORM — Англия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл кездесуде қос құрама негізінен жастарға сенім артты. Дидье Дешам Франция құрамасы сапында бірқатар футболшыға демалыс беріп, қосалқы құрамда қалдырды. Олардың қатарында Усман Дембеле, Вильям Салиба, Жюль Кунде, Люка Динь секілді ойыншылар бар. Дегенмен әлем біріншілігінде қазірге дейін 8 мәрте гол соғып, сұрмергендер көшін бастап келе жатқан Килиан Мбаппе негізгі құрамда жасыл алаң төрінен көрінді.
Ал Томас Тухель Англия құрамасы сапында бұл жолы қақпашы Джордан Пикфордтың орнына Дин Хендерсонды шығарды. Оған қоса Джуд Беллингем, Гарри Кейн, Энтони Гордон секілді көшбасшы ойыншыларын қосалқы құрамда қалдырды.
Англиялық футболшылар төреші ысқырығы естілген сәттен алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде Деклан Райс 3-минутта есеп ашса, одан кейін Эзри Конса есепті үстемелей түсті.
Ал 37, 46-минутта англиялық тағы бір футболшы Букайо Сака қос голдың авторы атанды.
Екінші кезеңде Франция құрамасынан бірден төрт ойыншы алмасты. Атап айтқанда, олардың қатарында Люка Динь, Деотшанкюль Юпамекано, Усман Дембеле, Брэдли Баркола бар. Нәтижесінде он минуттың ішінде олар екі гол соғып үлгерді. Ойынның 48-минутта Килиан Мбаппе әлем чемпионатындағы тоғызыншы голын соқса, 54-минутта Брэдли Баркола өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Одан кейін Килиан Мбаппе 66-минутта тағы бір мәрте көзге түссе, 87-минутта Букайо Сака хет-триктің авторы атанды.
Ойынның 96-минутында франциялық Усман Дембеле гол соқса, Джуд Беллингем 97-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Англия құрамасы Франциядан 6:4 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Енді 20 шілдеге қараған түні (жексенбіден дүйсенбіге өтер шақта) сағат 00:00–де финалда Испания — Аргентина шеберлік байқасады.