15:46, 20 Шілде 2015 | GMT +5
Англия мен Қазақстанда тұратын татарлар белдесу күресінен шеберлік сынасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия, Қазақстан, Франция, Ресей, Украина татарлары Түмен облысы Тобольск қаласында сібір татарларының тарихи-мәдени мұрасының дүниежүзілік фестивалінде белдесу күресі бойынша күш сынасады, деп жазды ТАСС.
«Фестиваль 7-9 тамызда Сібір хандығының ежелгі астанасы - Тобольск қаласында өтеді. Оған әр елден 2 мыңға жуық сібір татарлары қатысады», - деді ұйымдастырушылар.
«Қарсыластар арасындағы айқас 4 минутқа, соның ішіне жасөспірімдер арасында - 3 минутқа созылады. «Белдесу олимпиадалық жүйемен өтеді», - деді фестиваль ұйымдастырушылары.
Бұдан басқа, фестивальде бәйге, сібір татарларының ұлттық асханасы, ұлттық шеберлер байқауы, «Играй гармонь» байқауы өтеді.
Фестиваль қатысушылары грамота, лауреаттары - бағалы сыйлықтар мен дипломдар алады. Көрермен көзайымы жүлдесі де көзделген.