Англиядағы АЭС-те өрт шықты

АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Англияның оңтүстік-шығысындағы Кент графтығында Dungeness атом электр стансысы бойлер кіші стансысындағы өрттен жұмысын тоқтатты,

Англиядағы АЭС-те өрт шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, өрт туралы ақпарат алысымен өрт сөндірушілер төтенше жағдай орнына тез-ақ жетіп келген. British Energy өкілінің айтқанындай қоршаған ортаға және халыққа төніп тұрған қатер жоқ,радиоактивті материалдардың ағуы да тіркелмеген. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Тергеу жүргізілуде.