Англияның оңтүстігінде ірі сланец мұнайы кеніші табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық геологтар Англияның оңтүстігінде ірі сланец мұнай кенішін ашты деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

«Сланец мұнайы батыстағы Веймут қаласынан шығыстағы Дуврға дейін 350 шақырымға созылып жатыр», деп хабарлады бүгін Sandy Times газеті.

Кейбір мамандардың пікірінше, кеніш көлемі «Солтүстік теңізде астандағы мұнай қорының үштен біріне» тең болуы мүмкін. Дегенмен бұл бағалауларды тестілік бұрғылау барысында қуаттау қажет.Кейбір есептеулерге қарағанда, оңтүстікағылшын кенішінің қоры 15 млрд. баррельге жетуі мүмкін.

Бұдан бұрын геологтар Англияның солтүстігінен ірі сланец газы кенішін тапқан болатын. Британдық энергетика және климаттың өзгеруі министрлігінің бағалауынша, ол таяудағы 40 жыл бойы Ұлыбританияның газға сұранысын толық қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар