Анкарада жарылыс болды

Түркия астанасындағы Қызылай ауданында елдің Ішкі істер министрлігі басқармасының бас ғимараты маңында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

түркия жарылыс
Фото: Анадолы

Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликайдың сөзінше, Анкарада министрлік ғимаратының жанында лаңкестік әрекет жасалды. Қылмыскерлердің бірі өзін жарып жіберсе, екіншісінің көзі жойылды.

«Атыс кезінде полицияның 2 қызметкері өмірге қауіп төндірмейтін жарақат алды», - деп хабарлады мекемеден.

Оқиға болған ауданға жақын жерде бірқатар жолда қозғалыс тоқтатылды. Төтенше жағдай орнын президент күзеті де бақылап тұр.


Автор: Ақжігіт Шүкібаев