Анна Данилина әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингісіндегі орны белгілі болды.

Данилина
Фото: Sports.kz

Өткен аптада сербиялық Александра Круничпен бірге Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Анна Данилина әлемдік рейтингіде 10-нан 7-орынға көтерілді. Осылайша, Данилина рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін оның үздік көрсеткіші 8-саты еді. А.Крунич 14-тен 12-ге шықты.

Осы аптада қазақстандық-сербиялық жұп Дубай WTA 1000 жарысында бақ сынайды.
Бельгиялық Элизе Мертенс бұрынғыша көш бастаса, чехиялық Катержина Синякова оны өкшелеп келеді. Америкалық Тэйлор Таунсенд үздік үштікті түйіндеді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында 106-дан 110-ға сырғыса, Жібек Құламбаева 137-ден 136-ға ауысты. 

Жекелей сында белоруссиялық Арина Соболенко, Польша өкілі Ига Швентектен кейін қазақстандық Елена Рыбакина үшінші сатыда тұр.

Ю.Путинцева 70-тен 78-ге, Зарина Дияс 290-нан 293-ке, Ж.Құламбаева 388-ден 390-ға төмендеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Доха турнирінің чемпионы атанғанын жазған едік.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Дубай қаласындағы WTA 1 000 турнирінде бақ сынайтынын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум