Анна Данилина Страсбург турнирінің ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Анна Данилина Страсбург (Франция) WTA 500 турнирін сәтті бастады.

Анна Данилина қатарынан үш жарыстың финалында ұтылды
Фото: ҚТФ

Бұл жолы ресейлік Екатерина Александровамен жұп құрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда қытайлықтар Синью Янь — Сюй Ифаньның мысын басты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп тай-брейкте табандылық танытты — 7:6 (7:5).

Екінші сетте қытайлық дуэт есе қайырды — 7:5.

Супер тай-брейкте Анна мен Екатерина айқын басымдылық көрсетті — 10:4.

Екі сағатта аяқталған тартысты кездесуде Данилина — Александрова 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тек үшеуін пайдаланды.

Қытайлықтар 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Анна Данилина — Екатерина Александрова жартылай финалға шығу үшін америкалық Эйжа Мухаммад — мажарстандық Фанни Столлар немесе Эри Ходзуми — тайбэйлік Фан-сянь У жұптарының қай жеңгенімен таласады.

А.Данилина бұдан бұрын Э.Мухаммадпен бірге Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына дейін жеткен еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның әлемдік рейтингіде ТОП-ке қайта кіргенін жазған едік. 

Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады.

Григорий Ломакин Үндістандағы турнирде екінші кездесуін жеңіспен түйіндеді.