Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Данилина
Фото: olympic.kz

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге ширек финалда қытайлықтар Юань Юэ — Сю Ванмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-словакиялық жұп сол басымдығын сақтап қалды — 6:4.

Екінші сетте қытайлық дуэт 3:1 есебімен алға кеткенімен, мәселе тай-брейкте шешілді. Онда А.Данилина мен В.Грунчакова жеңісті жұлып алды — 7:6 (8:6).

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында олар 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есептеріне жазды.

Қытайлықтар 3 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина — Виктория Грунчакованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Таиландтағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар