Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін продюсер ретінде сынап көрмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі әнші, актриса және тележүргізуші Мөлдір Әуелбекова әнші Индира Елеместің продюсері атанды. Бұл туралы ол «Қазақстан» арнасындағы таңғы «Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде хабарлады.
None
None

«Бұл - әнші Нұрлан Еспановтың идеясы. Ол үлкен медиа-орталық ашуда. Мақсаты - мәдениет саласында өзге елдермен ынтымақтастық орнату. Ол Индирамен жұмыс істеуді ұсынды. Оның болашағы бар екеніне сеніп, продюсерлік қызметті бастауға бел будым. Әрине, көп ойландым, ол қызды да біраз сынадым. Ол өз карьерасын енді ғана бастап келеді, алайда бірқатар концерттерге қатысып үлгерді. Әндерінің біріне клип те түсірген», - деді М.Әуелбекова.

Индира Елемес, өз кезегінде, бала кезінен үлкен сахнадан өнер көрсетуді армандайтынын айтты. «ОҚО Арыс қаласында туғанмын. Қазір Алматыда тұрамын. Балалық шағымда анама айтпай музыкалық мектепке оқуға түстім. Ол қарсы болса да, мен ән айтуды тоқтатпай, өнеріме, өз-өзіме сенімді болдым. Мөлдір бұл саланы жақсы біледі. Сондықтан бірлескен жұмыс өз нәтижесін береді деп ойлаймын», - деді И.Елемес.

М. Әуелбекованың сөзіне қарағанда, ақпан айында шетелде алғашқы бірлескен клип түсірілмек.

Мөлдір өзінің әнші ретіндегі қызметін де тоқтатпайтынын айтты. Ата-анасының Тараз қаласынан Алматыға көшулеріне байланысты шығармашылық қызметінде сәл кідіріс жасағанын айтты.

Соңғы жаңалықтар