Әнші Таркан екі жылға дейін мерзімге сотталуы мүмкін
АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Әнші Таркан есірткі тұтыну, сатып алу, сақтау және сату айыптаулары бойынша екі жылға дейін сотталуы мүмкін, делінген Ыстамбұл прокуратурасының айыптау қорытындысында.
Бұл туралы ВВС телекомпаниясының Орыс қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, әншінің Ыстамбұлдағы вилласында 12,5 грамм гашиш табылып, ақпанның 27-сінде ұсталған болатын. Жауап алу кезінде ол есірткіні өзі тұтынатынын, бірақ оған опынып отырғанын мойындаған еді.