Әнші Тоқтар Серіктің сәйгүлігі топ бәйгеде үздік шықты

АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астана күні қарсаңында  Алматының Алатау ауданының 1 жылдығына орай ат жарысы ұйымдастырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда 21 шақырымға болған аламан бәйгеде Қаратал ауданынан келген Жеңіс Смайыловтың «Фокер» деген сәйгүлігі  мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Жүлделі екінші-үшінші  орынды  Жамбыл ауданынан Дәурен Үмбетовтың  «Сарбаз» және «Қарабайыр» деген қылқұйрығы иеленді. 16 шақырымға топтық бәйгеде Алматы қаласының атынан қатысқан  әнші Тоқтар Серіктің «Ақбақайы» қара шалдырмады. Одан кейінгі орындарды   Жамбыл ауданының «Қарлығаш» және Қарасай ауданының «Мәдина» деген жүйріктерінің иелері бөлісті. Ал 11 шақырымға құнан бәйгеде Аңсар Несіпбаев, Бауыржан Кенбаев және Талғат Өмірәлиевтің аттары үздік шықты.

Соңғы жаңалықтар