Әнші Валентина Толкунова ауруханаға түсіп қалды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Әнші Валентина Толкунованың жағдайы жақсы, ол бір-екі күннен кейін ауруханадан шығады,

Әнші Валентина Толкунова  ауруханаға түсіп қалды

дейді дәрігерлер. Ресейдің халық әртісі Беларус елінде гастрольмен жүрген кезінде денсаулығы сыр беріп, Могилев облыстық ауруханасына түсіп қалған болатын.

«Интерфакс» агенттігіне мәлім болғандай, әнші сәйсенбі күні кешке концерттен кейін «қан қысымы көтерілуіне байланысты» ауруханаға жеткізілген. Дереккөздің ақпараты бойынша, қазір әншінің жағдайы жақсы.