Әнші Валентина Толкунова дүниеден озды

АСТАНА. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат - РСФСР халық әртісі Валентина Толкунова дүниеден озды. Әнші ұзаққа созылған науқастан ауруханада көз жұмды,

Әнші Валентина Толкунова    дүниеден  озды

деп хабарлайды Utro.ru сайты.

Әнші ақпан айының соңынан бері Боткин ауруханасында емделіп жатқан болатын. Жұмадан сенбіге қараған түні жағдайы күрт нашарлаған ол, жансақтау бөліміне ауыстырылған. Содан кейін әнші палатаға дін қызметкерін алдыртып, діни рәсім орындатқан.

Валентина Толкунова ауруханаға Могилевтегі концертінен кейін келіп түскен. Бастапқыда оның қан қысымы көтерілген деген диагноздар айтылған болатын. Әнші Могилевтен Мәскеуге арнайы жансақтау көлігімен жеткізілген.

Кейіннен баспасөзде, беларус медиктерінің әншіге қатерлі ісік диагнозын қойғаны туралы ақпараттар пайда болды. Әнші бірнеше жылдан бері ауырып жүрген сүт безінің қатерлі ісігі оның бауыры мен өкпесіне шапқаны белгілі болды. Сондай-ақ онда мидың ісігі де анықталған.