Әнші Жұбаныш Жексенұлы тыңдармандарын екі жаңа ән жинағымен қуантпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28-сәуір күні Алматыда республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері, мәдениет қайраткері Жұбаныш Жексенұлының екі бірдей ән жинағының тұсаукесері өтеді.
None
None

Оған өнер шеберінің орындауындағы көпшілік көңілінен шыққан танымал әндер мен дуэттер топтастырылған. Олардың қатарында әншінің репертуарына соңғы жылдары қосылған «Жаным апа», «Бала кез», «Қалқа бала», «Пай-пай, жігіттер», «Өмір жолы», «Бақыт туралы ән» сынды бірегей туындылар бар.

Тұсаукесер рәсіміне танымал сахна саңлақтары мен жас әншілер және арнайы шақырылған қонақтар қатысады, деп жазады qazaq-alemi.kz. Әйгілі өнер иесі Жұбаныш Жексенұлы 1974 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы педагогикалық колледжін бітірген. 2001-2005 жылдар аралығында облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі болған. 2006 жылы Алматыға қоныс аударып, «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеді. 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен және 2011 жылы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар