20:16, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Антарктидада әлемдегі ең әуелгі ұшақтардың бірі табылды
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Австралиялық поляршылар Антарктидада мұз астында 1914 жылдан бері жатқан Vickers британдық компаниясы ұшағының қаңқасын тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Моноплан 1911 жылы - ағайынды Райттардың әлемдегі ең тұңғыш ұшақтары әуеге көтерілгеннен кейін тек сегіз жылан кейін жасалған. Шаналар үшін жерүсті тягачы ретінде қайта жабдықталған мәшине Антарктидаға австралиялық зерттеуші Дуглас Моусонның (Douglas Mawson) экспедициясы құрамында әкелінген.
Сонымен қатар, сол сәтте ұшақ мұның алдында апатқа ұшырап, соның салдарынан қанаттары бүлінгендіктен ұшуға жарамсыз болған. Апат көрсету ұшулары кезінде орын алған. Моусонның түпкі ойы әлемде алғашқы болып Антарктида арқылы Австралиядан Ұлыбританияға ұшу болған.