Антикор төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлан Сарқұлов пен Мақсат Жебегенов жаңа қызметке тағайындалды. Кazinform бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлан Серікұлы Сарқұлов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ұлан Сарқұлов 1980 жылы туған. 2002 жылы Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің академиясын – «заңгер», 2008 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
2004-2006 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің атташесі және үшінші хатшысы қызметтерін атқарды.
2006 – 2011 жылдар аралығында Ақтау қаласы әкімі аппаратында, Маңғыстау облысы әкімі аппаратында жұмыс істеді.
2013-2015 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Парламент Аппаратының шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2015 – 2017 жылдары «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесін басқарды, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы 21 сәуірден осы тағайындауға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болды.
Мақсат Жебегенов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген
2002-2022 жылдар кезеңінде ұлттық қауіпсіздік органдарында, оның ішінде Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.
2022 жылғы 24 мамыр мен 28 шілде аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2022 жылғы 28 шілдеден осы тағайындауға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы болды.