Әнуар Садықұлов ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметінің бастығы болып тағайындалды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен генерал-майор Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нұртай Әбіқаев арнайы қызметтің жаңа басшысын басшылық пен жеке құрамға таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Ә.Садықұлов ҚР Президенті күзеті бастығының бірінші орынбасары - Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған болатын.