Әнуар Сәйденов, Игорь Мажинов және Нұргүл Ертаева «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді

АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Bank RBK» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысында

Әнуар Сәйденов, Игорь Мажинов және Нұргүл Ертаева «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді

Директорлар кеңесі құрамындағы  бірқатар өзгерістер мен банктің бірлескен құжаттарының жаңа редакциясы мақұлданды, деп хабарлайды «Bank RBK» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Осылайша, Директорлар кеңесінің құрамына үш жаңа мүше сайланды: Әнуар Сәйденов пен Нұргүл Ертаева тәуелсіз директорлар, ал Игорь Мажинов акционерлердің өкілі ретінде. Жиналыс шешімі бойынша тәуелсіз директор Джулиан Дэвид Шарптың өкілдігі тоқтатылды.