Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аңызға айналған Орбұлақ шайқасы туралы тарихи қойылым өтпек - Алматы облысы (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ ханыдығының 550 жылдығына орайластырылған «Орбұлақ түбіндегі шайқас» тарихи қойылымын ұйымдастыру және өткізуге байланысты жиын өтті, деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

Аңызға айналған Орбұлақ шайқасы туралы тарихи қойылым өтпек - Алматы облысы  (ФОТО)

Аталған жиынға Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Р.Алпысбаев, «Kazakh Union Action Team» каскадерлік тобының жетекшісі Б.Әбішев, актер М.Бисембин және осы каскадерлік топтың мүшесі, актер А.Өтепбергенов қатысты. Кездесу барысында басқарма басшысы Р.Әлиұлы мен каскадерлік топтың өкілдері Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған облысымыздағы ірі шараның бірі Орбұлақ шайқасына қатысты жиналған жұртшылықтың сұрақтарына жауап беріп, өту барысына қысқаша тоқталды. 2015 жылдың 2 қазанында өтілуі жоспарланған шараның ұйымдастырушылары өз қонақтарына тарихи қойылымнан өзге әртүрлі ойын- сауықтар мен түрлі көрмелер ұйымдастырылатындығы жөнінде атап өтті. Атап айтқанда: ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, дала кәуәбі мен палауының фестивалі, бауырсақ-party, қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарының көрмесі, модельдердің этноүлгідегі киім-кешекті көрсетуі, заманауи әскер түрлерінің қару-жарақтары мен киім үлгілерінің көрмесі, осының барлығы керемет концерттік бағдарламамен ұласып, жиналғандарға естен кетпестей әсер қалдырады деген сенімде. Басқарма басшысы Р.Алпысбаевтың айтуынша ашық аспан астында өткізілгелі жатқан бұл шараның негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарды жандандыру, тарихты еске түсіру, жастарға патриоттық тәрбие беру, бойындағы рухты көтеру. Шараның ең қызықты сәті шайқас қойылымына 100 арнайы үйретілген жылқы, 100 атты әскер, 500 жаяу әскер қатысуы жоспарлануда. Осы шараға республикамыздың барлық өңірлерінен қонақтардың қатысуы жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, Орбұлақ шайқасы - қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұзаққа созылған азаттық соғысының бір үзігі. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында Жәңгір сұлтан басқарған 600 қазақ жауынгері мен 50 мың жоңғар қолын басқарған Эрдэни Батыр арасындағы шайқас.