АОК қысқы Азия ойындарындағы жарыстардың күнделікті тізбелерінің және ресми жаттығулардың жобаларын бекітті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың ағымдағы қаңтар айында аталған ойындардың барлық спорттық нысандары бойынша тестілік жарыстардың тізімі қалыптастырылмақ.
Қысқы Азия ойындарының тестілік сайыстарын өткізуге дайындық аясында спорттық федерациялармен, қазылар алқасы бригадаларымен, сондай-ақ жарыстардың спорттық менедждерлерімен тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге қатысушыларды тіркеу шараларын жүргізуге, орналастыру және тасымалдау жүмыстары үшін логистикалық орталық ұйымдастырылған. Визалық қолдау көрсету, жүктердің жеткізілімі, техникалық қамтамасыз ету мәселелері шешілген.
Айта кетейік, Үйлестіру комитеті Азиаданың спорттық бағдарламасын қайта қарастырып, оны 11 спорт түрі бойынша бекітті. Алдағы жылда өтетін спорттық додада медальдердің 69 комплектісі сарапқа салынбақ.