Апалы-сіңлілі қазақстандық жас теннисшілер Франциядағы турнирдің финалына дейін жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Францияның Тулуза қаласында жасөспірімдер арасында ITF Juniors J60 турнирі аяқталды. 

Апалы-сіңлілі қазақстандық жас теннисшілер Франциядағы турнирдің финалына дейін жетті
Фото: ҚТФ

Қазақстандық жас теннисшілер, апалы-сіңлілі Томирис пен Мәриям Нұржан жұптық сында табысты өнер көрсетті.

Қазақстандық жұп финалда франциялық Анна Баен — литвалық Камилле Силукайтемен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандықтар 5:7, 6:4, 8:10 есебімен есе жіберді.

Супер тай-брейкте Мәриям Нұржан жарақат алып қалды. Бұл апалы-сіңлілі теннисшілердің жеңіске жетуіне кедергі келтірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакинаның финалда әлемнің 1-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллстен кейін Майами турнирінде бақ сынайтыны хабарланды

Рыбакина мен Данилина әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.