19:16, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Апатқа ұшыраған жүк кемесіндегі жұмыстар Сочиде қайта жанданды
АСТАНА. Желтоқсанның 22-і. ҚазАқпарат - Қала-курорт алабында апатқа ұшыраған жүк кемесінің трюмінен суды сорғылау жұмыстары Сочиде қайта жанданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Оқиға орнына Новороссийскіден мамандар келеді деп күтілуде. Олар кеменің табанын зерттейді және судың ішке кіруін тоқтатады. Судың трюмге кіруі тоқтатылғаннан кейін жүк кемесінің багінен отынды сорғылап алу басталады.