Апатты тұрғын үйден заманауи кешендерге дейін: реновация Астанаға қандай өзгеріс әкеледі

Елордада ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және елорда тұрғындарын жаңа тұрғын үйлерге көшіру қарастырылған. 2024 жылы 33 апатты үйдің тұрғындары 703 пәтерге көшіріледі, осылайша елорданың 3000-ға жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

астана
Фото: Kazinform

2013 жылдан бастап 286 апатты үйдің тұрғындары қоныс аударды, 4500-ден астам отбасы жаңа абаттандырылған пәтерлер алды.

2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту жобасы аясында 206 апатты үйдің тұрғындары Астанада 4 710 пәтерге көшіріледі.

Мысалы, Байқоңыр ауданында инвесторлармен бірлескен жұмыстар басталды. Жаңарту елорда ауданының орталық бөлігінде 343 гектар жерді қамтиды.

Бағдарлама аясында Бас жоспарға сәйкес Байқоңыр ауданының аумағында 865 ескі және ескірген тұрғын үйлер бұзылады.

Оның орнына көпқабатты тұрғын үйлер, 9 білім беру мекемесі, 7 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 4 емхана, 3 медициналық орталық, 6 спорт және мәдениет нысаны, 27 коммерциялық нысан, оның ішінде СОО, бизнес-орталықтар, қонақ үйлер мен паркингтер, сондай-ақ 6 сквер салу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда ауданда Кенесары, Асан қайғы, Тараз көшелерінің қиылысындағы ескі үйлерді бұзу жұмысы басталды.

Тұрғын үй қорын жаңарту тұрғын үйді және үй орналасқан жер учаскесін реквизициялау тәртібімен апатты (ескірген) тұрғын үйді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен қаланың «ескі» кварталдарын кешенді реконструкциялауды көздейді.

Жобаның шарттары бойынша авариялық үйлердің тұрғындарына құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес бөлмелер санына және тұратын адамдар санына қарамастан, ауданы бойынша бірдей мөлшерде, бірақ кемінде бір бөлмелі жаңа пәтерлер беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін ТК жөндеу, лифтерді ауыстыру, жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы бағыт бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар