18:14, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Apple 2015 жылғы үздік қосымшалар мен ойындарды көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық «Apple» корпорациясы осы жылғы сұранысқа ие болған, үздік қосымшалардың тізімін жариялады. Тізімге iOS платформасында пайдаланылатын бағдарламалар ғана кірді.

Барлық қосымша бірнеше топқа бөлінді: тегін және ақылы бағдарламалар, сондай-ақ iPad немесе iPhone құрылғылары. Корпорация мұндай мессенджерлерді Facebook, Instagram, сондай-ақ Piano Tiles 2, YouTube және Google сияқты ерекше топқа бөлді. iPhone-ге тек ақылы жүктелетін қосымшалар ішінде «Heads Up!», «Minecraft: Pocket Edition», «Cut the Rope: Magic и PlagueInc» бар. iPad туралы айтсақ, ақылы қосымшалар арасында алғашқы үш орынды Minecraft - Pocket Edition, Story Mode и Lucky Block Mod түрлері алды. Планшет иелері америкалық Apple корпорациясынан «Netflix», «Google», «YouTube», «Star Wars: Galaxy of Heroes» және «Piano Tiles 2» тегін бағдарламаларын жиі жүктеген.