Apple биыл жаңа үш iPhone шығаруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың күзінде Apple жаңа смартфон шығарып, оны iPhone 6s атауы мүмкін. DigiTimes басылымының ақпарат көздері биыл халықты Apple компаниясынан үш жаңашылдық күтіп тұрғанын айтты.
None
None

Сайттың ақпарат көздерінің мәліметтеріне қарағанда, компания экран диагоналі 4 дюйм болатын жаңа модель шығармақ.

Корпусы қандай болатыны әзірге хабарланбады. Ақпарат көздерінің айтуынша, 6с ішінде қазіргі iPhone 6 - A8 процессоры, ал 6s және 6s Plus-те A9 деп аталатын жаңа чип болады.

Соңғы жаңалықтар