15:08, 07 Маусым 2022 | GMT +5
Apple iOS16 операциялық жүйесіне қазақ тілін қосты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Apple iOS16 операциялық жүйесіне қазақ тілін қосты. Мұндай жаңалықпен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Apple әлем жұртшылығы күткен жаңашылдықты жария етті. Қазақстандықтар үшін бұл таныстырылым аса маңызды. Себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне автотүзету функциясымен қазақ тілі қосылды. 2019 жылы ресми тізімге енгізілген, енді жасанды интеллектің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылып отыр. Бұл – қазақ тілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз», - деп жазды министр Instagram парақшасында.
iOS – Iphone, Ipad және Apple компаниясының өзге де құрылғыларын басқаратын операциялық жүйе.