Апта аяғында доллар тағы қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге өсіп, 485,95 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 485,55 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 480,00 теңгеден сатып алынады, 487,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 557,97 теңге, сату - 567,97 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,49 теңге, сату - 6,80 теңге.
- юань: сатып алу - 68,03 теңге, сату - 73,30 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 484,29 теңгеден сатып алынады, 487,71 теңгеден сатылады. Еуро 564,47 – 569,89 теңге, ал рубль 6,54 – 6,67 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,29 теңгеден сатып алынады, 72,00 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 28 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,54 теңгеге өсіп, 485,55 теңге болды.