Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Апта ішінде елде жасалған 1 мың 787 қылмыстың 1 мың 426-сының ізі суымай ашылды

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Республикада криминалдық ахуал тұрақты», -деп мәлімдеді бүгін Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов журналистермен болған брифингте.

Апта ішінде елде жасалған  1 мың 787 қылмыстың  1 мың 426-сының  ізі суымай ашылды

Оның мәліметтеріне қарағанда, апта ішінде елде 1 мың 787 қылмыс жасалып, олардың 1 мың 426-сының ізі суымай ашылған. Сондай-ақ бұрын жасалып, ашылған қылмыстар - 342. Іздеуде жүрген 80 күдікті ұсталып, қылмыскерлерден 20 дана атыс қаруы тәркіленген.

«Өткен аптада есірткімен байланысты 175 қылмыс тіркеліп, олардың 27 фактісі есірткіні саудалауға қатысты болды. Заңсыз айналымнан 50 келі есірткі алынды. Оның жарты килограмға жуығы героин. Елордада тәртіп сақшылары есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдайтын арнайы арнаның жолын кесуге бағытталған операцияны сәтті жүзеге асырды. Өз үйінде 24 грамм гашиш саудалаған 19 жасар азамат ұсталды. Бұл әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деді департамент бастығы.

Сондай-ақ оның айтуынша, Тараз қаласында 24 жастағы азамат ұсталып, оны тексеру кезінде 309 грамм героин табылған. Бұл әрекет бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Ал алматылық полицейлер 30 жасар Қырғызстан азаматын ұстап, одан 117 грамм героин тапты. Қазір аталмыш әрекет бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.