Апта ішінде 30 орман өрті тіркелді – Экология министрлігі
АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында республика бойынша 30 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдарға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінде – 21 өрт;
- мемлекеттік орман қоры жерлерінде – 9 өрт.
Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйелері арқылы анықталды.
-Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» авиациясы мен әуе өрт сөндіру десанттары, сондай-ақ мемлекеттік орман күзетінің арнайы күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрттердің таралуына жол берілмей, олар қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді,-делінген хабарламада.
Орман өрттерінің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Осыған дейін Баянауыл ұлттық паркінен өрт шыққаны туралы жаздық.