Апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM – Өтіп бара жатқан апта ішінде бір министрдің жаңа орынбасары тағайындалып, жергілікті атқарушы органдарда да кадрлық ауыс-түйіс орын алды.

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Фото: freepik.com

Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің қаулысымен Шынар Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды

Ол 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

2001–2010 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, №135 Атасу негізгі мектебі, Атасу стансасы.

2010–2011 жылдары — әдіскер, Қарағанды қаласының №26 кәсіптік лицейі, Қарағанды қаласы.

2011–2012 жылдары — аға әдіскер, Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, Қарағанды қаласы.

2012–2013 жылдары — жетекші маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.

2013–2018 жылдары — бас маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.

2018–2020 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы.

2020–2023 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.

2023–2025 жылдары — ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде өңірлік деңгейде жаңа кадрлық тағайындаулар болды. 

Маңғыстау облысы бойынша Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы лауазымына Асхат Хамитұлы Жақыпов тағайындалды.

Ол Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы «Павлодарэнерго» АҚ-да бастап, слесарь, машинист және турбина цехының аға машинисі қызметтерін атқарған.

2013 жылдан бері мемлекеттік энергоқадағалау жүйесінде жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы департаменттерде бас сарапшы, басшының орынбасары және басшы қызметтерін атқарды. Комитеттің орталық аппаратында электр және жылу көздерін бақылау басқармасын басқарды.

2023–2025 жылдары Комитеттің электр-жылу өндіруші станцияларына бақылау жасау басқармасының басшысы болды.

Абай облысы бойынша Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы лауазымына Демин Николай Александрович тағайындалды.

Ол Шәкәрім атындағы университеттің түлегі әрі жылуэнергетика мамандығы бойынша магистр.
Еңбек жолын 2007 жылы «Теплокоммунэнерго» ШМК-да қазандық машинисті болып бастаған. Кейін аға машинист, станса бастығы, № 1 ЖЭО бастығы, сондай-ақ өндіріс жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2018–2024 жылдары кәсіпорын директорының міндетін атқарушы болды, одан кейін Абай облысы бойынша аумақтық департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қарағанды облысында Инвесторларды қолдау орталығының басшысы болып Шахназар Әубакіров тағайындалды

Шахназар Әубакіровтың коммерциялық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі мол. ҚР Президентнің Іс басқармасында қызмет еткен. 2023 жылдың қарашасынан осы тағайындауға дейін «Kazakh Invest» АҚ сервистік қолдау департаментінің бас менеджері болған.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасына жаңа бапкер келді. Енді отандық жеңіл атлеттерді украиналық маман Александр Апайчев жаттықтырады. Ол ұлттық құраманың бас бапкері міндетін де қоса атқарады.

Александр Апайчев 1961 жылы 6 мамырда Украинада дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы жеңіл атлетикадан КСРО командасының намысын қорғады. Бапкер ретінде Украина мен Қатар құрамаларын жаттықтырып, Олимпиада, әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған.

Ал Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубын жаңа маусымда тәжірибелі маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады

Ол бас жаттықтырушы лауазымын «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат», беларусьтік «Рух» командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті. Бүгінде Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарып жүр.

Соңғы жаңалықтар