Апта соңына дейін «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингіне тағы 5 млрд. доллар қаржы аударылатын болады -Премьер-Министр

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Осы аптаның соңына дейін «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингіне тағы 5 млрд. доллар қаржы аударылатын болады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» қорының бүгінгі алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгін Елбасы Ұлттық қорды басқару кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді. Онда заем ретінде тағы 5 млрд. доллар қаржының бөлу жөнінде түбегейлі шешім қабылданды. Бұның 4 млрд. доллары «Самұрық-Қазына» қорына, 1 млрд. доллары - «ҚазАгро» холдингіне беріледі. Мен бүгін кешқұрым Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойдым. Бізде Ұлттық банкпен уағдаластық бар, қаражат аптаның соңына дейін сіздерге (Қор мен Холдинге ? ред) түседі», деді алқада Үкімет басшысы.Премьер-Министр дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру үшін Үкімет қабылдаған шешімдерді шапшаңдатып іске асыру маңызды екенін атап көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы «Самұрық-Қазына» қорын қаржыландыруға бюджет арқылы Ұлттық қордан 5 млрд. доллар қаржы бөлінген болатын. Осылайша экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан барлығы 10 млрд. доллар бөлініп отыр.
Соңғы жаңалықтар