Аптаның кино жаңалықтары: қандай фильмдер көрерменге жол тартты
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде осы аптада көрермен назарына түрлі жанрдағы жаңа фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында отандық тарихи драмеди, отбасылық хикаялар, триллер мен комедиялар бар.
Киносүйер қауым қазақ даласындағы аңызға айналған кейіпкер туралы туындыдан бастап, шетелдік режиссерлердің драмалық және шытырман оқиғалы фильмдерін тамашалай алады. Аптаның кинопремьералары туралы толық шолуды Kazinform материалынан оқи аласыз.
Алдар. Махаббат туралы аңыз 8.3⭐
Жанры: драмеди
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: Қазақстан
Режиссер: Дин Махаматдинов
Ертеден бері далада бір адам туралы аңыз айтылады. Ол біреуге көмек керек болған жерде пайда болып, алғыс айтып үлгермей жатып көзден ғайып болады. Адамдар айтады: тағдыр адамды ауыр таңдау алдында қалдырғанда, сол маңда міндетті түрде Алдар деп аталатын жан пайда болады.
Көшпелі хандықтар дәуірінде қазақ даласында қазақтар мен ойраттардың арасында үлкен шиеленіс туындайды. Қазақ ханының ұлы тұтқынға түсіп, оны босату үшін жау жағы орындалуы қиын талаптар қояды. Хан қарсыластың ниетін білу және мұрагерін құтқару үшін даладағы ең айлакер адам — Алдарды жібереді. Алайда тұтқында күтпеген жағдай болады: жас жігіт ойрат билеушісінің қызына ғашық болады. Тыйым салынған махаббат олардың өміріне қауіп төндіреді, ал екі жақтың әскерлері шайқасқа дайындалып жатыр. Алдар өзінің айласы мен сенімді достарының көмегімен жау жеріне жасырын кіріп, ғашықтарды құтқарады және соғысты болдырмаудың жолын табады.
Әскерлер бетпе-бет келген сәтте дәл оның даналығы мен тапқырлығы оқиғаның бағытын өзгертеді. Шайқас басталмайды, екі жақ қантөгіссіз тарайды, ал жастар бірге болуға мүмкіндік алады. Осылайша далаға ең қажет кезде келетін адам туралы аңыз тағы бір рет шындыққа айналады.
Отбасылық байланыстар (Семейные узы) 10⭐
Жанры: драма, мелодрама
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: АҚШ, Швеция, Дания, 2025
Олег Борецкийдің киноклубы «Маңызды нәрсе туралы шындап» сериясын жалғастыруда.
Олег Борецкийдің киноклубы «Маңызды нәрсе туралы салмақты әңгіме» сериясын жалғастырып жатыр. Отбасы тақырыбы – кинода ежелден үзілмейтін классикалық арқау: Ингмар Бергманнен бастап Джим Джармуш пен Ларс фон Триерге дейін бұл тақырып әр қырынан ашылып келеді. Біреулер үшін отбасы – қол-аяқты тұсайтын бұғау болса, енді біреулерге ол қуат беретін, шабыт сыйлайтын тірек. Ал кейбір жандар үшін ол – өзгертуге келмейтін жазмыш.
Коммерсант 7.6⭐
Жанры: драма
Ел: Ресей, 2025
Режиссер: Фёдор Кравчук, Никита Кравчук
Мәскеу, 1996 жыл. Жас әрі пысық банкир Андрей Рубановтың Ирма есімді жұбайы мен кішкентай баласы бар. Сондай-ақ Миша досы екеуінде миллион доллардан астам ақшалары бар. Өздерін жаңа мемлекеттің ақсүйектері ретінде елестетіп, достар ірі келісімшартқа қол қояды, алайда достар қазынадан ірі көлемде ақша жымқыру алаяқтығына қатысқан болып шығады. Тұтқынға алынған Андрей «Матросская тишина» түрмесінің тұтқындарға толы ортақ камерасына түседі. Бұл нағыз тозақ, бұл жерден басқа адамға айналып, аман қалып, үйреншікті өміріне оралуы тиіс.
Тыйым салынған жеміс (Запретный плод) 8.7⭐
Жанры: комедия, хоррор
Ұзақтығы: 103 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Мередит Эллоуэй
Сауда орталығында Эппл әріптестері Черри мен Фигпен бірге жасырын мыстандар культін басқарады. Жаңа қызметкер Тыковка олардың бұл қауымдастығына күмән келтіріп, бәрін өз ішіндегі қараңғылықпен бетпе-бет келуге не қатыгез ажалға тап болуға мәжбүрлейді.
Кек алушы (Мститель) 7.0⭐
Жанры: детектив, шытырман, драма, триллер
Ұзақтығы: 92 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Адриан Грюнберг
Арнайы агент Никки қаңырап қалған зауытта есін жияды. Оның қызы ұрланған, қабырғасының астына пышақ сұғылған, ал шығатын жолды ірі қылмыстық синдикаттың ең қауіпті жалдамалы жендеттері бөгеп тұр. Оның кек алу жолы дәл осы жерден басталады және ол қызын құтқармайынша тоқтамайды.
Мүшел жас 8.8⭐
Жанры: шытырман, отбасы
Ұзақтығы: 84 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Жұмақанов Әсет
Мүшел жастары бір жылда келген отбасы қарғыстан құтылып, мүшелден аман шығу үшін туған ауылына аттанады.
Ессіз киллер (Киллер на всю голову) 7.0⭐
Жанры: шытырман, комедия, триллер
Ұзақтығы: 90 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Майкл Хэмилтон-Райт
Қылмыстық топтың басшысы өзінің үздік киллерін сынау үшін ең қауіпті әрі қатыгез өлтірушілерді жалдайды. Соңғы уақытта ол «еңбекқорлар анонимдері» кездесулеріне қатыса бастаған, сондықтан бұрынғыдай мінсіз кәсіби маманға ұқсамайды.
Томпақ Юзи (Толстяк Юзи) 5.5⭐
Жанры: шытырман, комедия, мультфильм, отбасы
Ұзақтығы: 81 минут
Ел: Иран, 2025
Режиссер: Реза Арджанги
Юзи – мысықтар әлеміндегі сирек жануар, бірақ ол жабайы табиғатта емес, Нью-Йорктегі сәнді пәтерде өмір сүреді. Джакузи, спортзал және тәттілер – оның күнделікті өмірі. Барлығы нағыз леопардтар туралы бағдарлама көргеннен кейін өзгереді. Көшедегі Бобби есімді мысықпен бірге ол өз отбасын табу үшін 11 000 км-лік сапарға аттанады – алда шытырман оқиғалар, қауіп пен күлкілі сәттер күтіп тұр.
Қара шаңырақ (Родительский дом) 4.6⭐
Жанры: комедия, отбасы
Ұзақтығы: 97 минут
Ел: Ресей, Беларусь, 2026
Режиссер: Максим Максимов
Стюардесса Даша туған әжесінің үйін сатып, қарыздарын төлеу үшін ауылына келеді. Алайда қарапайым мәміле орнына оны күтпеген жайттар қарсы алады: көңілді көршілер, қырсық болса да сүйкімді ірімшікші Миша және оның жиені – Дашаны түрлі күлкілі жағдайларға қалдыратын Петрович есімді бала. Олардың текетіресі уақыт өте күлкілі де әсерлі жағдайларға жалғасып, үйді сату ісі күтпеген оқиғаларға толы қызық хикаяға айналады.
Сары шабаданның шытырман оқиғалары (Приключения желтого чемоданчика) 4.4⭐
Жанры: шытырман, комедия, қиял-ғажайып, отбасы
Ұзақтығы: 88 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Денис Гуляр
Ғажап Дәрігердің сары шабаданының ішіндегі дәрі тек тұмау мен суық тиюді емдеумен шектелмейді, ол мұңаю, жалғыздық, қорқақтық және ұялшақтық сынды дерттерге де дауа. Петя – заманауи тұйық бала, оны көшеге еш шығара алмайсың, ол адамдардан, басқа балалардан қорқады. Оның ата-анасы ғажап Дәрігердің көмегіне жүгінеді, алайда оның сиқырлы шабаданын ұрлап кетеді. Осы сәттен бастап шытырман оқиғалар басталады. Соның арқасында Петя Дәрігерге көмектесіп қана қоймай, өзіне адал достар тауып, «дертінен» айығады.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.