Аптаның жаңа кинотуындылары: комедиядан триллерге дейін
АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада Қазақстан кинотеатрларында шытырман оқиғаға толы шетелдік триллер көрерменге жол тартты. Комедия және драма элементтері бар драмедия жанрындағы отандық кинотуындылардың көрсетілімі басталды.
Kazinform тілшісінің шолуында аптадағы премьералар мен олардың қысқаша мазмұнын назарларыңызға ұсынамыз.
Брижит Бардо
Рейтинг: 10.0
Жанры: драма, романтикалық комедия
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Франция, 2025
Роже Вадимнің «Құдай әйелді жаратты» фильмі Брижит Бардоны әлемге әйгілі жұлдыз етті. Ол өз дәуірінің танымал тұлғасына айналды. Оның актерлік шеберлігі еуропалық кино саласында бұрын-соңды болмаған әйел еркіндігінің бейнесін ашты. Бардо Жан Габен, Ален Делон, Софи Лорен, Жан-Луи Трентиньян сынды әйгілі актерлермен бірге өнер көрсетті. Брижит Бардо ән салды, би биледі, киноға түсті. Еркіндік пен тәуелсіздіктің, тұтас Францияның символы саналды.
Ұлы Марти (Марти Великолепный)
Рейтинг: 10.0
Жанры: комедия, спорт
Ұзақтығы: 149 минут
Ел: АҚШ Финляндия, 2025
Режиссер: Джош Сэфди
Жас әрі өршіл Марти Маузер өз арманын жүзеге асыру жолында бәріне дайын. Ол бүкіл әлемге өзі үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеуге бел буды.
Аңшылық маусым (Сезон охоты)
Рейтинг: 10.0
Жанры: детектив, драма, криминал, боевик, триллер
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Раджа Коллинз
Жалғызбасты әке мен оның жасөспірім қызы үй маңындағы өзен жағасынан белгісіз бір жанды тауып алады. Аты-жөні беймәлім қызды құтқарып, өз үйлерінде бірге тұруына рұқсат береді. Бірақ бұл жақсылықтың артында өздеріне үлкен қауіп төніп тұрғаның білмеді. Себебі бейтаныс бойжеткенді қатыгез есірткі бароны іздеп жүр.
Қызым
Жанры: комедиялық драма
Ұзақтығы: 101 минут
Ел: Қазақстан, 2025
Режиссер: Олжас Нұрбай
60 жастағы Ержан кезекті рет ауруханаға түскеннен кейін, оның үш қызы әкесіне жаңа жар табуға кіріседі. Алайда түрлі үміткерлермен өткен кездесулер отбасы ішіндегі жасырын сырларды ашады. Күтпеген шындықпен бетпе-бет келген кейіпкерлер бір-бірін қайта түсініп, бағалайды.
Крипер
Рейтинг: 8.0
Жанры: ужас
Ұзақтығы: 119 минут
Ел: АҚШ, Канада, 2025
Режиссер: Осгуд Перкинс
Малкольм демалыс күніне орай Лизді романтикалық кездесуге шақырады. Жігіт қызды ну орманның ортасында орналасқан өз үйіне алып келеді. Мұнан соң, Малкольм тосыннан түрлі мәселені сылтау етіп, шұғыл қалаға кетеді. Ал Лизи айналасы қап-қараңғы зәулім үйде жападан жалғыз қалады. Ол бұл жерден қашып кете алмайтының түсінеді. Әр минут сайын бойын қорқыныш билеп, жағдай ушыға түседі. Егер Лиз Малкольмның құпиясын ашпаса, ол мәңгілікке осында қалады.
Гренландия 2: Миграция
Рейтинг: 10.0
Жанры: боевик, триллер
Ұзақтығы: 86 минут
Ел: Ұлыбритания, АҚШ, 2025
Режиссер: Рик Роман Во
Бес жыл бұрын Жерді жайпаған апаттың жаңғырығы әлі де адамзаттың төбесінен төніп жатыр. Гренландияда қалу енді мүмкін емес. Астероид сынықтарының толассыз қайта жаууы адамдарға қауіп төндіріп тұр. Аман қалған аз ғана халық тарихтағы ең маңызды әрі қатерлі қоныс аударуға жолға шықты. Енді олар паналайтын жаңа жер табуы керек. Алайда адам танымастай өзгерген бұл әлемде қауіпсіз мекен қалды ма?
Ғажап ит Чарли (Чарли Чудо-пёс)
Жанры: мултьфильм, комедия
Ұзақтығы: 95 минут
Ел: Канада, 2025
Режиссер: Ши Уэйгман
Барлық отбасыға арналған әсерлі анимациялық туындыда қаһарман ит пен зұлым мысықтың тартысты оқиғасы көрсетіледі. Тоғыз жасар Дэнни мен оның иті Чарлиді бөгде ғаламшарлықтар ұрлап кеткеннен кейін олар суперқабілетке ие болады. Осылайша, ғажап ит Чарли көрші үйдің мысығы Паддидің әлемді жаулап алу жолындағы зұлым жоспарын тоқтатуға тырысады.
Көмекке! (На помощь!)
Рейтинг: 7.0
Жанры: ужас, триллер
Ұзақтығы: 113 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Сэм Рэйми
Әуе апатынан кейін екі әріптес адам тұрмайтын аралда оянады. Олар бұл жерде аман қалу үшін бірлесе әрекет етуге кіріседі. Өткен өмірдегі өкпе-реніштерін ұмытып, нағыз досқа айналады. Сайып келгенде, тірі қалу үшін жеке әрі іштей күресуі керек екен.
Қолымнан ұста
Рейтинг: 5.5
Жанры: комедиялық драма
Ұзақтығы: 85 минут
Ел: Қазақстан, 2025
Режиссер: Дархан Сәркенов
Бірі — күнделікті күйбең тіршілік пен бірсарынды өмірден қажыған жігіт. Екіншісі — әр сәттің қадірін білетін, жүрегі өнер деп соғатын бойжеткен. Аспанда сирек кездесетін қос жұлдыз құбылысы оларды күтпеген сәтте табыстырып, қолдарын бір-біріне байлап қояды. Қолдарын ажыратуға тырысқан сайын, жүректері бұрынғыдан да жақындай түседі. Кей байланыстар кездейсоқ емес. Ал кей кездесулер мәңгілікке айналады…
Пікір қос (Комментируй это)
Рейтинг: 1.0
Жанры: комедия
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Юлия Трофимова
Катя мен Иван ажырасудың аз-ақ алдында тұр. Сондықтан олар ерекше отбасылық терапияға қатысуға келіседі. Бір ай бойы олармен арнайы комментатор жұмыс істейді. Маман ерлі-зайыптылардың әр ойы мен сезімін дауыстап айтып отырады.
Қиял
Жанры: драма
Ұзақтығы: 92 минут
Ел: Қырғызстан, 2026
Режиссер: Бақыт Османқанов
Жұбайынан айырылған Болат қызы Қиялды жалғыз өзі тәрбиелейді. Қиял кішкентай кезінде қатерлі ісікке шалдығып, ауруды жеңіп шыққан еді. Алайда дерт қайта оралып, уақыттың шектеулі екенін көрсетеді. Қиялдың құпия арман күнделігі бар екені әкесінің есіне түсіп, ауруханадан шығарып алады. Болат уақыт бар кезде қызының әрбір арманың орындауға кіріседі. Бұл сапарға Қиялдың ең жақын досы — аутизм бұзылысы бар ересек жігіт Жоки де қосылады. Осылайша олардың жолы махаббат, түсіністік және қолдау арқылы жүрекке жылы тиетін, әсерлі хикаяға айналады.
Босх: Түс бақшасы
Рейтинг: 7.0
Жанры: деректі фильм
Ұзақтығы: 84 минут
Ел: Испания, Франция 2016
Режиссер: Хосе Луис Лопес-Линарес
Мадридтегі Прадо мұражай қорындағы Иероним Босхтың қазасына 500 жыл толады. Осыған орай, музей басшылығы режиссер Хосе Луис Лопес-Линарескн «Жердегі ләззат бақшасы» триптихі туралы фильм жасауға тапсырыс берді. Түсірілімдер Босхтың Прадодағы мерейтойлық көрмесінде және музейде өтті.
Фильмде «Жердегі ләззат бақшасының» реставрациясының ерекше кадрларын, тіпті триптихті рентген зерттеуден өткізген сәттерді де көре аласыз. Орхан Памук, Салман Рушди сияқты жазушылар, опера жұлдызы Рене Флеминг және композитор Людовико Эйнауди фильмде күтпеген салыстыру жасайды.
Аружан Арманқызы