11:03, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Аптаның ортасына дейін Астанада күн жылы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, Астанада аптаның ортасына дейін күн жылы, жауын-шашынсыз болады.

Бүгін ауа температурасы +16+18°С, түнде +5+7°С болады. Ертең, 3 қыркүйекте сынап бағанасы +18+20°С көрсетеді, түнде +5+7°С болады. 4 қыркүйекте күндіз +18+20°С, түнде +5+7°С болады. Алдағы тәуліктерде солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14м.-ге, кей жерлерде 15-20м/с жетеді, деп хабарлады astana.kz