Аптап ыстық, бұршақ, дауыл: 9 шілдеде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 9 шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Ақтөбеде 9 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 9 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Қонаевта 9 шілдеде күндіз 35 градус ыстық болады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 9 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 9 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және күндіз облыстың батысында тұман болады деп болжанады. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Қостанайда 9 шілдеде күндіз 35 градус ыстық болады.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарындағы екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус аптап ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 9 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 9 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Петропавлда 9 шілдеде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысында 35-37 градус қатты ыстық болатыны болжанады. Жезқазғанда 9 шілдеде күндіз 35-37 градус ыстық болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз облыстың орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыста 38-42 градус қатты ыстық болады. кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 9 шілдеде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 9 шілдеде жел солтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 9 шілдеде жел солтүстіктен соғады, таңетең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда 9 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында күндіз 35-38 градус ыстық болады.
Елімізде алдағы үш күнде 45 градусқа дейін ыстық болатынын жазған едік.