Аптап ыстықтан 1200 адам ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда аптап ыстықтан 1200-ге жуық адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24.kz.
None
None

Дәрігерлердің айтуынша, 3 науқас ес-түссіз жатыр. Басына күн өткендердің ішінде ашық аспан астында футбол ойнап жүрген жас балалар көп. Елде күн бірнеше күннен бері шыжып тұр. Ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілген.

Мамандар тұрғындарға сыртқа шықпай, салқындатқыштарды қолданып, үнемі су ішіп жүруге кеңес береді. Осы кезде елдің оңтүстігінде «Халола» атты долы дауыл ойран салуда. Синоптиктердің болжауынша, жақын арада аймақта су тасқыны басталып, көшкін жүру қаупі тұр.

Соңғы жаңалықтар