Араб Әмірліктерінде Дүниежүзілік медиа-саммит өз жұмысын бастады
АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Яс аралында бүгін Дүниежүзілік медиа-саммит өз жұмысын бастады,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Саммиттің жұмысына шетелдік ақпараттық агенттіктердің, теле- және радиокомпаниялардың, журналдардың, Интернет-порталдар мен медиалық және жарнамалық компаниялардың, ұялы байланыс провайдерлерінің басшылары қатысуда.
Саммитті ұйымдастырушы компания өкілдерінің айтуынша, «дүние саяси, экономика және мәдени салаларда Шығысқа - Қытай, Үндістан және Таяу Шығысқа қарай жылжып отыр. Бірақ та, Шығыста қабылданып отырған шешімдер, Батыстағыдан басқашалау болып жатады, сондықтан да коммуникациялар саласында көпір ортанудың қажеттілігі туындап отыр».