Араб елі Малиге 200 тонна азық-түлік жөнелтті

Осыншама азық-түлік бір ұшаққа сыймай, екі ұшақпен аттандырылды. Малидің гуманитарлық қызметке жауапты министрі Мамаду Сидибе Сауд Арабиясының билігіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Бұл туралы muslim.kz сайтынан хабарланды
«Малидегі Сауд Арабиясының елшісі Нагид ибн Әбдірахман әл-Харби осы елге көмек қолын созуға король Абдолла ибн Әбдіәзіздің өзі ықпал еткенін және бұл шара екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты көрсететінін мәлімдеді. Африка елінің солтүстігіндегі аудандардың тұрғындары Алжирмен және Мавританиямен арадағы шекараның жабылуына байланысты азық-түлік тапшылығына ұшырағандарын айтып, дабыл қаққан болатын. Осыған байланысты Сауд Арабиясы Малиге қол ұшын созып, «қолтығынан демеді», деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты muslim.kz.