Арабтар Израильмен келіссөздің мүмкін еместігін мәлім етті
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Араб мемлекеттерінің лигасы Израиль мен Палестинаның арасында бейбіт келіссөздің мүмкін емес екендігін мәлім етті.
Бұл мәлімдемеге Иерусалимнің шығысында тағы 1,6 мың жаңа үй салу туралы шешімі себеп болып отыр. Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббас та өз кезегінде, Палестинаның шетелдік арағайындар арқылы Израильмен қандай да бір келіссөз жүргізбек емес екенін мәлім етті.
Палестиналықтар осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ-тың арағайындығымен тікелей емес келіссөзді бастауға келісім берген болатын. Осы мақсатта аймақта американ вице-президенті Дж.Байден келген еді. Бұл жерде израиль өкіметі мен палестиналық арабтардың мүдделерін қорғаушы ФАТХ сияқты салмақты ұйымдардың арасындағы қарым-қатынас туралы сөз болып отыр. «Хамас» радикалды тобы Израильмен келіссөзден үзілді-кесілді бас тартып келеді.
Дж.Байден Иерусалимнің шығысында тағы 1,6 мың жаңа үй салу туралы шешімі үшін Израильді сынға алды. Оның айтуынша, израильдықтардың бұл әрекеттері әрең қол жеткізіліп отырған сенімді бұзып отыр. Иордан өзенінің Батыс жағалауы мен Шығыс Иерусалимде еврей қоныстарының салынуы Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеудің басты кедергісі болып табылады. Палестиналықтар бұл аумақтарды өздерінікі деп санайды және Израильден барлық елдімекендерін көшіріп әкетуді талап етуде. Өткен жылдың қыркүйек айында Израиль құрылыстарды 10 айға тоқтатуға келіскен болатын.