Арақ ішкен 22 жасар азамат өзімен бірге тұратын әйелді ұрып өлтірген - БҚО

ОРАЛ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - 12 наурыз күні Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылы Қонаев көшесіндегі үйден 1987 жылғы А. деген азаматшаның мүрдесі табылды.

Арақ ішкен 22 жасар азамат өзімен бірге тұратын әйелді ұрып өлтірген - БҚО

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полицейлер қылмыстың ізін суытпай ашып, 1991 жылғы Б. деген азаматты қолға түсірді. Ол арақ ішкен күйінде ұрыс-талас үстінде өзімен бірге тұратын әйелді ұрып-соғып өлтірген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 103-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.