Арақ ішу қайғылы оқиғамен аяқталды - Жамбыл облысы

ТАРАЗ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы мастардың отырысы қайғылы аяқталды, деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«6 желтоқсан күні таңертең Жамбыл ауданының Пионер ауылында 43 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Оның беті мен мойыны кесілген, басқа да дене жарақаттары болды. Адам өлтірді деген күдікпен мүрде табылған үйдің қожайыны ұсталды», - делінеді құқық қорғау ведомствосының хабарламасында.

Күдікті азамат өзінің ешкімді өлтірмегенін айтады. Үй қожайынының 40 жылдық мерейтойына байланысты сприттік ішімдіктерді бірге ішкенін баяндады. Бір кезде олардың арасында ұрыс басталып, төбелеске ұласты. Жәбірленуші тайғанап құлап, шынысы бар есікке соғылып, әйнек сынықтарынан зардап шеккенін айтты.

Алайда криминалистер оқиға орнынан қан іздері бар пышақ тапты, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдікті азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК-нің 96 бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар