Аралдықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл жергілікті бюджеттен 10 млн. 900 мың теңге бөлінді

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/- Үкіметтің «Ауыз су салалық бағдарламасы туралы» қаулысын іске асыру бағытында Арал ауданының елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Аралдықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл жергілікті бюджеттен 10 млн. 900 мың теңге бөлінді

Аталған бағдарламаға сәйкес биыл жергілікті бюджеттен 10 млн. 900 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Бұл қаржыға Сапақ және Шижаға елді мекендеріндегі су айдау стансаларын, сонымен бірге Бөген, Қамыстыбас, Қосаман ауылдарындағы ішкі су желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.