18:55, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Аралдың Шөмішкөлінде мектеп үйі пайдалануға берілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Арал ауданының Шөмішкөл ауылында екі қабатты 140 орындық мектеп үйі есігін айқара ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ? Облыстық бюджеттен бөлінген 210 млн. теңге қаржы толық игерілді, ? деді мектеп құрылысын жүргізген мердігер ? қызылордалық "ГНиК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы Талғат Шөпенов осы оңды оқиғаға байланысты болған салтанатты шара барысында. Тұрғындар атынан сөз алған ардагер ұстаз Үсен Жүсіпов көл жағасындағы елді мекен қамқорлықтан кенде қалмағанын, аз ғана уақыт ішінде мәдениет үйі пайдалануға беріліп, жас мамандар қоныс тойын тойлағанын, дәрігерлік қосын салынып, ауызсу таситын көлік берілгенін айтып ризашылығын жеткізді. Шөмішкөлдіктердің қуанышына куә болып, құрылысшы қауымға алғысын білдірген аудан әкімі Нәжмәдин Мұсабаев 2009 жылы облыстық бюджеттен 18 мектеп салынатын болса, соның 8-і аудан еншісіне тиіп отырғанын тілге тиек етті.