Арапа күні қандай амалдар орындалады?

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Арапа - дініміздегі қасиетті күндердің бірі. Ол Құрбан айтынан бір күн бұрын келеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) білдіруінше, арапа - артықшылығы мол күн. Ол артықшылығы жағынан жұма күніне ұқсас. Ол жұмадан басқа күні жасалған жетпіс қажылықтан артық. Дұғалардың ең жақсысы да арапа күні жасалған дұға (Байхақи).
None
None

Бұл күні Алладан көбірек кешірім тілеп, біліп және білмей жасаған күнә-қателіктеріміз үшін тәубе етудің де маңызы зор. Өйткені, әзірет Әли: «Алла тағала дәл арапа күніндегідей еш уақытта көп адамды тозақ отынан азат етпейді», - деп жеткізгені мәлім. Кейбір ғалымдар қасиетті Құранның «Ықылас» сүресін барынша көп, тіпті, мың рет оқудың артықшылығын да білдірген.

Арапа күні жасалатын ең ізгі істердің бірі - ораза ұстау. Бұл күні ораза тұту, бір жағынан, нәпсі тәрбиесі үшін маңызды болса, екінші жағынан, сауабы да ұшан-теңіз. Сүйікті Пайғамбарымыз бұл туралы былай деген: «Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан Қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады».

Арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айтынан кейінгі төртінші күні Екінді намазы біткенге дейін оқылатын 23 намаздың парыздарынан кейін: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллаллаһ, уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уә лилләһи хамд» деп тәкбир тәшриқ айтылады. Ханафи мәзһабы бойынша басы азат, тұрғылықты және ер адамдар үшін бұл күні тәкбір тәшриқ айтудың үкімі - уәжіп.

Соңғы жаңалықтар