Әрбір ғылыми жаңалық еліміздің тұғырын бекіте түсуге арналуы керек - Елбасы

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Ғылым туралы" жаңа заң біздің отандық ғылымды дамытуға серпін беруге тиіс.
None
None

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өткен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан ғалымдарының форумында осылай айтты.

"Бұл биік белесті бағындырып тұрып, біз тәуелсіз Қазақстан ғылымының 20 жылдығын екшеп, таразылай аламыз. 20 жылда біз ұланғайыр істер атқардық. Оның барлығына өздеріңіз куәсіздер. Соның ішінде ғылым мен білім саласындағы жетістіктерімізді де айта кету керек. Бізде инновациялық-индустриялық дамудың іргетасы қаланғанын да білесіздер. Оны дамыту үшін талантты ғалымдардың күш жұмсағаны жөн. Бүгін сіздерді осы мәселелер жөнінде ой бөлісуге шақырамын", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Әрбір ғылыми жаңалық еліміздің тұғырын бекіте түсу керектігін айтқан Елбасы ғалымдардың "Ғасыр ғұламасы" жоғары наградасы жөнінде қабылдаған шешіміне өз алғысын білдірді. «ҚР Тұңғыш Президенті үшін тұңғыш рет осындай атақ тағайындап оның берілуін елге істеген қызметке жасап жатқан жаңажылдық алдындағы марапаттарыңыз деп сенемін», деген тілегін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар